«Бір келі контент»
ОНЛАЙН-МАРАФОНЫ
CABAR.asia Медиамектебінің ұйымдастыруымен әлеуметтік желілерде сапалы контент жасау бойынша "Бір келі контент" атты онлайн-марафоны.

Орта Азияда жауапты, бейтарап, сенімді инфлюенсерлер буын тәрбиелеп жатырмыз.
Одан өзге CABAR.asia Медиамектебінің амбассадоры атану мүмкіндігіне ие болып, құнды сыйлықтар ұтып алып, бастысы – Англияға сапар ұтып алғың келе ме?
Ендеше «Бір келі контент» онлайн-марафонына қатыс!

Марафон 4 турда өтеді. Сен бәріне де қатыса аласың. Қатысуға ешқандай шектеу жоқ. Әр турдың 3 жеңімпазы басты сый – Амбассадор атану және Англияда оқу турын жеңіп алуға мүмкіндігіне ие болады.

Бұл марафон кім үшін?
Марафонның басты мақсаты – сапалы, цифрлы, бейтарап контент жасау. Дезинформациямен күресуде көмектесіп, осыған дейін естімеген оқиғаларды баяндайтын контент.
Біздің мақсат – өз жазбаларына жауапты, фейк жаңалық таратпайтын және аудиторияға дезинформация ұсынбайтын, ауқымына қарамастан өз қауымдастықтары мен елдерін дамытатын инфлюенсерлерге сөз беру.
Марафонның өту реті қандай?
*жиі тексеретін электронды пошта жазғаныңызды және оны қатесіз көрсеткеніңізді міндетті түрле тексеріңіз
2 қадам
Күту
Марафонның басталуына бір-екі күн қалғанда сізге келесі қадамдар көрсетілген нұсқау-хат келеді. Сол хатта сізді телеграмдағы қажетті чатқа жіберетін біздің телеграм-бот сілтемесі болады.Чатқа қосылғаннан кейін сізге сонда марафонда қатысып жатқан жазбалар сілтемесін күнделікті салып отыру керек. Бұл сіздің жазбаларды жоғалтып алмай, марафон соңында оны міндетті түрде бақылау үшін жасалады.
3 қадам
Контент жасау
Сайтта марафонға арналған жазбалар тақырыптары жарияланған. Сіздің міндетіңіз сол тақырыптар аясында контент жасап, оларды Душанбе/Ташкент уақытымен түнгі 11-ге, ал Бішкек/Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 12-ге дейін жариялау. Әр постыға #учатвшколеcabarasia #марафонcabarasia хештергтерін қосып, біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызды белгілеңіз.
Жазбалардың форматы кез келген болуы мүмкін: видео, мәтін, иллюстрация, анимация, графика. Десек те, біз және сіздің аудиторияңыз жаңашылдық пен мультимедианы қатты бағалаймыз әрі жақсы көреміз. :)
Қатысу жайлы күмәнданып жатсыз ба? Біздің былтырғы марафон жеңімпаздарымызға қараңыз. Орта Азиядан шыққан 6 жастардың табысқа жету оқиғалары.
Марафон №3. Тіркелу
Тіркеу мерзімі: 2 қараша 22:59 (Душанбе, Ташкент)
және 23:59 (Бішкек, Нұр-Сұлтан)
You agree with our Terms and Conditions
Марафон №3
Видеосторителлинг. Интернет кеңістіктегі әлеуметтік жауапкершілік
Өту уақыты:
2 - 6 қараша

Барлық жазбалар видео форматында жасалуы тиіс (кэпшн, сөйлеп тұрған адам, анимация, стопмоушн)
Жеңімпаз / жеңімпаз қалай таңдалады
Әр марафонда IWPR кеңсесі қызметкерлерінен тұратын комиссия болады. Оған жобаның Орта Азия бойынша үйлестірушісі жауапты. Комиссия жазбаларды келесі критерийлер бойынша бағалайды:

  1. Жасампаздық
  2. Тақырыптың ашылуы
  3. Анықтық
  4. Гендерлі және даулы сезімталдық
  5. Аудиторияны тарта алу қабілеті – талқылау жасай алу қабілеті (пікірлердің саны мен сапасы)
  6. Сторителлинг
FAQ
  • Сұрақ
    Марафон қандай әлеуметтік желілерде өтеді?
    Жауап
    Марафонда Facebook, Instagram, VK.com, TikTok, Twitter тұтынушылары мен Telegram, Viber каналдары қатыса алады
  • Сұрақ
    Жазылушылар саны менің жеңісіме әсер ете ме?
    Жауап
    Жеңіске тек қана контент сапасы мен сіздің оны жасаушы ретіндегі өсуіңіз әсер етеді (нақтырақ мыа бөлімде Жеңімпаз қалай анықталады?)
  • Сұрақ
    Марафонға кез келген адам қатыса ала ма?
    Жауап
    Марафонға кез келген адам қатыса алады, бірақ жүлделер алу үшін байқауға келесідей адамдар қатыса алады: Instagram, TikTok, Twitter (кемінде 100 жазылушы) тұтынушылары, Telegram, Viber, YouTube (кемінде 50 жазылушы) каналдары, Facebook, VK.com (кемінде 500 дос) тұтынушылары.
  • Сұрақ
    Мен 18 жастамын,марафонға қатыса аламын ба?
    Жауап
    Марафонға кез келген жастағы, кез келген жыныс/ұлт өкілі болып табылатын адам қатыса алады. Бірақ сыйларға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжістан мен Өзбекстан елдерінің 18 бен 30 жас (2021 жылдың 1 қаңтарына) аралығындағы азаматтары үміткер бола алады
  • Сұрақ
    Әлеуметтік желілердегі парақшалар ашық болуы керек пе?
    Жауап
    Иә, марафонның өту уақыты мен соңғы нәтижелерді жариялағанша парақшалар көпшілік қауымға ашық болуы тиіс.
  • Сұрақ
    Егер мен екінші марафонға қатысқым келсе, қазір тіркелуім керек пе?
    Жауап
    Жоқ, әр марафонның бөлек тіркеуі болады. Әрқайсысына жеке-жеке тіркелу қажет.
  • Сұрақ
    Мен шатасып кеттім. Қанша жеңімпаз болады және әр марафонға қатысу міндетті ме?
    Жауап
    Әр марафонда әр елден 3 жеңімпаз болады (1,2 және 3 орын),соңында бір марафонда 12 жеңімпаз болады. Бір марафон жеңімпаздары басқа марафондардың сыйларына үміттене алмайды, бірақ оларға қатыса алады.

  • Сұрақ
    Жас шектеуі не себепті 30 жасқа дейін?
    Жауап
    Біздің мақсатты аудиториямыз – Орта Азияның жастары. Жас шектеуі де сол үшін осындай. Дегенмен, біз адамдар қатысу барысында оқып, өзінің контент жасау қабілеттерін (сторителлинг, медиасауат, фактчекинг және т.б.) жақсарта алу үшін бәріне қатысу мүмкіндігін береміз.
Марафондар CABAR.asia медиамектебі аясында өтеді.

«CABAR.asia Медиамектебі» білім беру платформасы 2018 жылдың соңында IWPR Орта Азиядағы Өкілеттілігімен іске қосылған. IWPR – жергілікті БАҚ, тәуелсіз журналистер пен сөз еркіндігінің дамуына қолдау көрсететін халықаралық бейкоммерциялық медиаұйым. IWPR бағдарламалары әлемнің 30 елінде жүзеге асады. Олардың ішінде Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс, Кавказ, Африка, Орталық Америка мен Оңтүстік-Шығыс Азия республикалары бар. IWPR Орта Азиядағы қызметін 1999 жылдан бастап жүзеге асыруда.