Дастан
Я - журналист, учусь на магистратуре и веду тренинги. Рассказываю людям о сторителлинге, волонтерстве и о дебатах. Пишу о социальных проблемах общества, о свободе слова, о правах человека и о гендере в казахском обществе. Микроинфлюенсер в инстаграм и автор казахской редакции The Village Kazakhstan.
Дастан в Лондоне
#cabarintheUK
ВВС мен үшін бір қолжетпес арман болатын, бірақ барған соң ол арманнан айныдым

Мына заманауи ғимарат іщінде 5000-ға жуық адам жұмыс жасайды екен. Осы арнаның өзбек және қырғыз қызметіне барып біраз нәрсе ұқтым. Бізге бір апта бойы бейтарап болуды үйретті. Тек қоғамның басым бөлігі әрекетсіздік танытып, құқық жайлы ұмытқан болса, оның мәні не? Оның үстіне биліктік рупоры ақпараттық кеңістікті жаулап алатыны тағы бар. Сол себепті мен еліміз тыныш, әділ және қолайлы болған кезде ғана бейтарап боламын деп шештім.

Айтпақшы, ВВС ішінде бір қандасымызды таптым. Ташкентте туған қазақ әйелі 26 жыл бойы әлемнің үздік арнасында қызмет жасайды екен. Кейін сол кісі жайлы бір жақсы материал жазбасам осы...

Түрлі тілде ақпарат беретін арнада қазақ қызметі жабылып қалыпты. Оның себебі қаржы мен қызығышылық. Расымен де егер негізгі нысаның орыс тілінде ақпарат тұтына беретін болса, британияда қазақша сөйлегеннің мәні не? Олардың мақсатты аудиториясы арту үшін сен де, мен де төл тіліміздегі контентті тұтынуымыз қажет. Сол үшін қазақша оқиық! Вилледжді же қазақша сайраттық, оны да оқып қой!

Ал енді сезімдер жайлы айтайын. Маған бұл жер табалдырығын аттаған сәттегі сезімім әлі таңсық. Үлкен жауапкершілік пен қаламнан шыққан сөз үшін жауапкершілік келеді. Өзімше елдің алдын орап, бірінші болып атып кіргенімнен қандай пайда, егер абдырап сасып қалсам? Ұзақ уақыт ес жия алмай отырдым. ВВС рашаны көріп жұлдыздарды кездестіргендей қуанғаныма күлкім келеді.

ВВС жайлы қандай сауал бар? Сұрап қойыңыздаршы, әйтпесе сезім толқыны дем бермей жатыр.

#cabarintheuk
Бұл қала өзге қалалардан мүлдем ерек

Көшеде жүргенде әр жолаушыға арналып "Оңға қара" сәлден соң "Енді солға қара" деген жазулар байқайсың. Қамқорлық осы емес пе? Ғимарат жөнделіп жатса, сұрқын бұзар баннер емес, әдемі қабырға жасап қояды. Кейін оның ішіне әлемдік картиналар көрмесін жасайды. Ең кедей ауданының өзінде жөндеу кезіндегі темірлерді поролонмен қаптап қояды.

Қаладағы ең қатты шығатын дыбыс - сирена. Полиция мен жедел жәрдемге жол бермейьін көлік көрмедім.

Кезекте алдың орап немесе кім соңғылап ми ашытар адам жоқ. Сен тимесең, мен тиме. Бәрі де өз ретімен метродан шығады, кезекте тұрады не автобусқа кіреді. Қарсы жол бос болғанын қолданып сонда шыққан адамды көрмеу неткен ғанибет? Мен үшін ереже мен әдеп сақталған жер соншалықты ұнамды болады деп ойламаппын...

Қысқасы, әріптерді қорламайын. Жай ғана мына видеоны көріп ләззаттан...

@donibaimurat тамаша туындыңа рақмет

#cabarintheUK
Итак, я знаю, что замучил вас со своим сторис, где гуляют непонятные для вас люди! Давайте уже все дружно познакомимся!

Нас представляли как юных лидеров мнений из Центральной Азии. И я не хочу нарушать такую добрую и приятную традицию!

Все мы выходцы из ЦА, у всех консервативное (подавляющее большинство) общество, все мы связаны с медиа и каким-то образом выиграли стажировку в ВВС. А по каким причинам Бегайым до сих пор нам не рассказывает. Но что я понял в Лондоне? Каждый из нас нереально крутой и заслуживает звание амбассадора медиа школы @school.cabar
Что мы будем делать в будущем? Писать, снимать, рассказывать и объяснять всем о медиа грамотности, освещать гендерно и конфликтно чувствительные темы, а ещё мы хотим всем донести главный посыл платформы @school.cabar ! О ней я расскажу чуть позже!

Барабанная дробь!!!! Вот и команда амбассадоров: ⏭⏭⏭⏭⏭⏭ #cabarintheuk
Елдің бәрі өмірлері үшін әлек болып жатқанда сен менімен бірге бол

Лондон туралы жазбаларым көп емес, бір апта осы қала жайлы жаза тұрсам, ренжімейсің бе? Есесіне пайдалы зат пен әдемі суреттер салып отырамын. Құр отырғанша оқып отыр.

Ең танымы мол жердің бірі мен үшін Жаратылыстану және ғылым мұражайы болды. Адам деген коронавирус десе де ағылып жатқан жер. Сыртынан қарасаң сарай, ішініне кірсең де солай екен. Бұл мұражайдағы Дарвиннан бастап бар экспонат жайлы маған Айгерим @kussaiynkyzy айтып берді. Жалпы, осы кісімен қыдырсаңыз гид керек емес. Атын оқып тарихтағы ісін айта бастайды.

Ал мұражай несімен ерекше және онда туристерден басқа жергілікті халық неге көптеп келеді?

Британ метрополитандарынан жиналған тарихи жәдігер біразы осы жерде. Ең көзтартарлығы - динозаврлар! Бір үлкен бөлім ішінде олардың қалай пайда болеаны, қандай болғаны және қайда жоқ болып кеткенін айтады. Көк кит сүйегі мен динозаврлар қаңқалары жайлы айтпасам да белгілі. Мені таңырқатқаны бірнеше зат.

1. Мұражайда экспонаттарды ұстап көруге болады. Кинестетик адамдардың рахаты дерсің, тіпті бір динозавр сүйегін де арнайы мен секілді сипап көргенді ұнататын жандарға арнаған.
2. Кіру толығымен тегін. Есесіне әр бұрышта "МҰРАЖАЙҒА ҚОРЫНА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА АҚША ТАСТА" деп айғайлап тұратын волонтерлер бар. Мықты ой ғой. Адамдар кіргенде 5 фунт тастағанша, садақа деп одан да көп тастағаны артық емес пе?
3. Монетизация деңгейі аспан ғой. Әр бөлімге арналған бір дүкен бар. Негізі динозавр көруге келетіндер көбісі - балалар. Отбасымен не мектпеппен келіп жатады. Қуанып тарихи жәдігерді көрдім деп шыққандарға арнайы дүкен бар. Онда не сатады дерсіз? Дұрыс! Динозавр ойыншықтары, канцелерия тауарлары мен оқулықтар. Осылайша музейге келген бала әсерден бөлек естелік те сатып алады. Одан өзге кейде мұражайды жалға береді екен. Бай болсаң, бастаңғы жасасаң да болады екен.
4. Мен сияқты атын шыққанын қалайтын адамдарға дәліз қабырғаларын арнапты. Балалар не ересек адамдар мұражай логосы бар тегін параққа суреи салып кете алады. Оған марка жапсырып үйге жіберсең - открытка, мұражайда қалдырсаң - қабырғадағы экпонат болады.
5. Бұл жерде сабақ өтеді. Студенттер келіп осында лекция тыңдайды. Балалар болса, ұстап не шұқып көруге болатын түрлі залдарда жыныстық сауаттылықтан бастап ми құрылымына дейін түсіне алады. Мысалы, жады түрлері мен өз жадыңның деңгейін біле аласың!
Сосын осы мұражай қабырғасында Ғылыми зерттеу институты да бар екен. Онда жас ғалымдар өз зерттеулерін істеп отыра береді. Бір ғимаратты барынша қолдану арқылы мен сияқты сараң адамға тарихты қолжетімді етеді. Өзбекстанда Әмір Темір мұражайына паспортыма қарап 2 есе ақша сұрағаны есіме түсіп, біртүрлі болып қалдым ғой. Бізде де мұражай табысын келтіретіг осындай жайт бар шығар. Келешекте интерактивті кеңістік ашсаңыздар, түртіп көргісі келетіндер көп екенін ескеріңіздер. Ақша табу да қиын болмасы анық.
#cabarintheuk
#сүмбіле_сапары

Чему учат в Лондоне?

Сначала надо смотреть направо, когда переходишь дорогу и только потом влево.

А вот спикеры нам говорят о дезинформации и социальных медиа. Винсент Ни из Китайской службы ВВС поделился несколькими кейсами последствий распространения лукавой информации. Так я узнал, что Трамп частенько закидывает недостоверные новости, а фейки с коронавирусом мощно манипулируют сознанием людей. Кстати, Винсент сказал замечательную фразу, которая помогла мне понять очень многое. «Как журналист ты не можешь противостоять против пропаганды власти, ты можешь лишь указывать на эту пропаганду».

А ещё у нас был классный спикер Ник, который не хотел чтобы рассказывали о месте, где мы были. Но поскольку он не знает мой аккаунт, то я вам расскажу что мы сидели в .... Ха, вру я забыл как называется этот клуб. Пока он говорил о последствиях пропаганды я прошёлся взглядом по картинам на стене. Это прекрасное место, где со стен на тебя смотрят сотни глаз отважных людей. Именно в таком месте ты осознаешь всю мощь журналисткой деятельности.

Сегодня мы вновь идём в ВВС! Я постараюсь на этот раз сдерживать свою радость и счастье...

P. S. У меня тут есть куча замёток, вы только свистните и напишите о том, что вас интересует. Писать мне несложно для интересующихся людей.

#cabarintheuk #приключения_полосатого_чемоданчика
Мына жаққа тек қыдыру үшін келді деп ойлап қалмаңыздар

Ағылшынша түсінемін деп, оны қазақшаға аударамын деп кішкене миымның ашығаны бар. Бірақ 2 күн бойы алған білімім бөлек тау болып тұр. Бірер спикерлер аттарын атамауды өтінген соң сөздерін ғана жазып қояйын.

ВВС Корея журналисті Кевин Ким бізге әлеуметтік видеолардың жаңа толқыны мен оның телевизиядан артықшыдықтарын атады. Мысалы, алғашқы 5 секунд адамға әсер етуші фактор. Егер сол уақытта көрермен назарын ұстай алмасаң, табысың азая түседі.

Тілшіні алға тартпай, кейіпкерді камераға тік қарау арқылы адамға ықпалың арта түседі. Жаңалықтарда адам камерадан шетке қарап тұратыны бар. Ол ықпалын төмендетеді.

Фон кейіпкердің өмірін аша түсуге, оның бейнесін қалыптастыруға көмектесе алады. Сол себепті оны өз ортасында түсірген артық.

Әлеуметтік видеода музыканы көбірек қолдана аласың. Таңдау көптігі - қарқын мен эмпатияға көмектесе алады.

Бұдан басқа да талай спикер мен олардың түйіндері бар. Тек оларды қорытып үлгермей жатырмын. Хабардамын. Тағы не қызық?

#cabarintheuk
Уставшие и счастливые мы гуляли по улицам Лондона...

По поводу стажировки и о новых знаниях напишу чуть позже. Сейчас хочу рассказать, что я тут заметил и как это было.

Утром мы были в Алматы, после обеда гуляли по самому большому аэропорту мира и вечером сидели в Лондоне. Только вечер этот был по времени Алматы. Гринвич отмотал наши 6 часов назад для общего счастья. Всю поездку я боялся, что нас могут не впустить из-за страха перед коронавирусом, но 3 часа спустя после Стамбула я видел Темзу и какой-то безумно красивый город... Радости стало больше, когда встретил остальных участников. Мы прыгали, ликовали и радовались «Мы наконец-то в Лондоне»!!!!

И сразу в глаза бились следующие факты:

Англичан мы увидели только час спустя после приземления. Тут очень много людей с африканскими, пакистанскими и арабскими корнями. И тут очень много красивых азиатов. Они тоже местные и порой русский язык так и лезет чтобы спросить дорогу, поскольку привык к этому.

Движение правостороннее, но я не вожу машину и мне все равно. Я так думал, пока на пешеходе не увидел надпись «СМОТРИТЕ НАПРАВО» это безумная приятная забота о людях. В нашей гостинице крутые лестницы и много табличек «БЕРЕГИТЕ ГОЛОВУ». В моём понимании это и есть нормальная логика.

Местные горячие люди. Все комнаты прохладные, гулять под дождем просто так и бегать в шортах по холоду для всех нормально... Кроссовки и пуховик, куртки и туфли - по этому можно понять как тут все необычно для моего сознания.

Ещё Лондон город порядка. Тут все очень организованно, все понятно и просто. Все люди ходят по предназначенным для них полосах и многие понимают о чужом комфорте. Это круто!

#приключения_полосатого_чемоданчика
#cabarintheuk
#марафонcabarasia
Я откладывал эту публикацию максимально надолго...

Ребята, я лечу в Лондон. Мне не верилось в момент, когда я об этом услышал, не верил когда подавал и получал визу... полноценное осознание мне пришло с билетами на рейс Алматы-Лондон.

Этот день был для меня единственным приятным моментом за долгое время. Помню как с самого утра @zari_ospan @hello_gera @13zak @shvetsova_yelena говорили о моей предполагаемой победе. У меня была надежда, но это же ведь все равно не уверенность. И вот настал момент Х, я шучу во весь зал, радуюсь своему обществу. Через считанные минуты я получил свой долгожданный штатив, о котором забыл мгновения спустя. Я услышал лишь слово «Гран-при» и своё имя. Вот держу руку посла Великобритании и подправляю ударение своего имени. Друзья ликуют, а во мне страх... А вдруг меня не возьмут на стажировку из-за моего английского. Порадовался и тут же подбежал к организаторам, которые заверили меня в обратном. Я могу лететь и это правда.

После секунд радости мне стало тяжело думать за счёт чего я получил этот приз. Последовал короткий, но важный разговор. Своими ушами я слышал, что мои мысли оказались важными... мне было трудно ворошить прошлое или ещё больше обнажать свою душу, но отзывы, полученные после были прекрасными... вот оно наслаждение. Я был услышан и самое главное - меня поняли. Не было осуждения, поправок или рекомендаций. Меня просто поняли. Как же это блаженно быть принятым без излишеств.

За месяц марафона я выпытывал новые грани своего восприятия. Видео, фото, подкасты, хороший текст, сценарии для видео - все это было не просто так...
Помню как мои друзья сидели и снимали на видео мою речь с 5 дубля, светя фонариками телефонов и то как мы с Радой сидели в кофейне, общаясь с незнакомками тоже помню...

Спасибо вам всем...
@aida.zayn @zhansayazhetkergenova @jololip @begaiym.zamirbek @school.cabar @cabar.asia
#марафонCabarasia #учатвшколеcabarasia #cabarintheuk
СҮЙІНШІ!!!!

Бүгін @school.cabar @cabar.asia мектебінің марафон жеңімпазы атандым! Енді, Құдай қаласа, Лондонға жол тартатын болдым! Сіздерге осы уақытта жазылған жазбаларыма пікір білдіріп, лайк басқандарыңызға көп рақмет!

Ең бастысы әркімге осы сөздер арқылы #ой_тамызық болғаныма ризамын!

#Зікіряұлы #сүмбіле_шұғыласы #сүмбіле #учатвшколеcabarasia #марафонcabarasia
Менің ортамда қыздар өте көп екенін білетін шығарсыздар

Әсершіл жандар үшін олар менің сыйласар достарым екенін айтып өтейін. Әйтпесе жақындаған қыздың бәрі ел көзінде жұбым болып елестейтін жасқа келіппін.

Менің анам, тәтем және сол тәтем дүниеге әкелген 3 жиен қарындасым бар. Олар үшін мен өте қымбат. Бірақ мен жақындарым үшін өте көп уайымдаймын. Неге екенін білесіз бе?

Мен достарыммен не шәкірттеріммен бір жаққа барсам болды маған олардың ата-анасы қыздарын аманаттап жібереді. Тойға барса, алып қашып кетпесін дейді. Отырысқа барсақ біреу тиісіп жүрмесін дейді. Одан қалды олар отырған әр такси номерін жазып отырамын. Мен осының бәрінен қатты шаршадым...

Егер алып қашса, "жігітім бар, жүктімін де" деген сынды кеңес беру қызық шығар иә? Ең қызығы ол шындық.

Қарындасыма мектепте біреу тиіссе бірден айт, инстаға суретіңді сала берме, танымайтын адам тіркелсе бұғатта деген ақыл беріп те шаршадым. Менің әр қадамым олар үшін үреймен үйлеседі.

Екінші суреттегі 2 қыз кеше ғана маған таксист жігіттің қорқытқанын айтып берді. Басқа достарым өмірлерінде көрген харассмент жайлы жиі айтып отырады. Осы іс дұрыс па?

Қауіпсіз қоғамды қалаймын. Әрбір отбасыда достарымен қыдырған қызын қорқынышпен қарсы алмайтын, тұрмыс құрған қызын ұрмайтын шығар деген үмітпен жүрмейтін қоғам болғанын қалаймын... Осы қолжетпес дүние ме? Айтыңдаршы...

Меніңше ең болмағанда осы үшін гендерлік зорлық-зомбылықтан айырылу керек сияқты.

Бұл жайлы қорқынышты статистика айтқым келмейді. Сондықтан осы күй күлінің өзі қандай екенін менің жайымнан білерсіз...

#марафонcabarasia #учатвшколеcabarasia